Page 195 - History_of_Kazakhstan 8 class
P. 195

үлкен әсер етті. Нақты айтқанда, тың игерудің оң және теріс

        салдары болды.
            Тыңды игерудің оң нәтижесі Қазақстанның әлемдегі ең ірі
        астық  өндіру  орталықтарының  біріне  айналғандығы  болды.
        Тағы бір артықшылығы – ауыл халқы жаңа мектептер, меди-

        циналық мекемелер, дүкендер, мәдени клубтар сияқты ар-
        тықшылықтарға ие болды. Тың игерушілердің келуінің нәти-
        жесінде Қазақстан көп ұлтты елге айналды.
            Теріс  салдары  республиканың  дәстүрлі  ауыл  шару-
        ашылығы саласы – мал шаруашылығының кезекті дағдары-
        сының басталуы болды. Өйткені, жайылымдардың көпшілі-

        гі  жыртылды.  Мал  бағатын  жер  болмады.  Қазақстанның
        көптеген аудандарында  мал шаруашылығы жойылып кетті.
        Сонымен  қатар,  экологиялық  тепе-теңдіктің  бұзылуы  орын
        алды. Үлкен аумақтар ойластырылмағандықтан, топырақтың
        сарқылуы мен құнарлы топырақ қабаты ауаға ұшып кеткен-

        дігі байқалды. Бұл шөлейттенуге және ауаның тозаңдануы-
        на  әкелді.  Ауыл  шаруашылығының  болашағына  зиян  кел-
        тірді. Сондықтан, егер алғашқы жылдары егін үлкен болса,
          кейінірек егіннің көлемі азая бастады.
            Тек 1970 жылдары қазақстандық ғалымдардың арқасын-
        да  топырақты  қалпына  келтіретін  тыңайтқыштар  жасалды.

        Бұл жыл сайын дәнді дақылдардан жақсы өнім алуға мүмкін-
        дік берді.


               Тың жерлер – бұрын жер шаруашылығына  пайдалан-
           баған жерлер.



          ?       1. Тың жерлер дегеніміз не?
                  2. Тың игеру  себептерін ата.
                  3. Тың  игерудің  оңтайлы  және  теріс  жақтары  туралы  айтып
                    бер.

                  4. «Иван Бровкин тың жерлерінде» фильмінен үзінділерді бірі-
                    гіп көріңдер. Фильмнен алған әсерлеріңмен бөлісіңдер.


                                                                                       195
   190   191   192   193   194   195   196   197   198   199   200