Page 191 - History_of_Kazakhstan 8 class
P. 191
Қазақстандықтар басқа республикалардың өкілдерімен
бірге КСРО жерлерін ғана емес, сонымен қатар Болгария,
Румыния, Югославия, Венгрия, Польша, Австрия және Нор-
вегияны да азат етті.
1945 жылдың көктемінде Кеңес әскерлері Германия ау-
мағына кірді. Фашистер қарсылық көрсетуде табандылық та-
нытты. Осы шайқаста Қостанай қаласында құрылған дивизия
ерекше рөл атқарды. Дәл осы дивизияның сарбаздары Бер-
линді алып, Германиядағы фашистік Үкіметтің басты ғимара-
ты Рейхстагқа шабуыл жасады. Берлиндегі Германия Рейх-
стагы ғимаратының үстіндегі жеңістің қызыл туын Рақымжан
Қошқарбаев көтерді.
1945 жылы 8 мамырда Берлинде фашистік Германияны
жеңгеніміз жарияланды. Осы сәттен бастап 9 мамыр тарихқа
ұлы мереке – Жеңіс күні ретінде енді.
Ұлы Отан соғысы 4 жылға созылды: 1941 жылдан 1945
жылға дейін және ол барлық уақыттағы ең қанды соғыс болды.
Жүздеген мың қазақстандықтар ерлігі үшін медальдармен
және ордендермен марапатталды. 500-ге жуық қазақстандық
Кеңес Одағының Батыры атанды. Кеңес Әскері қатарына
барлығы 1 миллион 200 мыңнан астам қазақстандық шақы-
рылды. Майданға бағытталған 20-дан астам дивизия құрыл-
ды. Қазақстан фашистерге қарсы соғыстың барлық майдан-
дарында ерлікпен шайқасқан отандастарын мақтан тұтады.
Қазақстандықтар фашистерді жеңуге тек әскери майдан-
дарда ғана емес, сонымен қатар олар егістіктерде, зауыттар
мен фабрикаларда жұмыс істеуге көмектесті. КСРО әскер-
лерін қарумен, оқ-дәрілермен, киіммен, тамақпен және басқа
да қажетті заттармен қамтамасыз ету қажет болды. Жұмысты
ересектер ғана емес, тіпті балалар да істеді. Әйелдер май-
данға соғысқа кеткен күйеулерінің орнына еңбек етті.
Соғыстың алғашқы жылдарында Қазақстанға 220 зауыт
пен фабрика, 500 мыңнан астам адам көшірілді. Бұл фаши-
стерден құтқарылған және жау қолына өтпеген зауыттар мен
фабрикалар еді. Сонымен қатар, қазақстандықтар соғыс жыл-
191