Page 186 - History_of_Kazakhstan 8 class
P. 186
оқиға болды. Қазақтың «Қыз
Жібек», «Жалбыр» ұлттық опе-
ралары аса сәтті қойылды. Қыз
Жібек бейнесін қазақтың әйгілі
әнші сі, КСРО Халық әртісі, «қазақ-
тың бұлбұлы» атаған Күләш
Байсейітова сомдады.
Республикада мәдени-ағарту
мекемелері, кітапханалар, клуб-
тар салынды. 1930 жылы респуб-
ликада 290 көпшілік кітапхана,
ал 1939 жылы 3304 кітапхана бол-
128-сурет. Күләш ды. 1939 жылы Алматы қаласын-
Байсейітова да А. С. Пушкин атындағы Мемле-
кеттік кітапхана ашылды.
Қалалар мен ауылдарда мәдениет үйлері мен клубтар
ашы лып, олардың саны 5 237-ге жетті. 1939 жылы Қазақстанда
39 театр болды. Республикада қазақстандық кеңес әдебиеті
мен өнерінің қалыптасуы белсенді жүрді.
Қуғын-сүргін – қолданыстағы үкіметтік режимді қорғау
және сақтау мақсатында мемлекеттік органдар қолдана-
тын саяси зорлық-зомбылық түрі.
? 1. Кеңес өкіметі қазақ мәдениетінің дамуына қандай жағымды
үлес қосты?
2. 1930-1940 жылдардағы қазақ мәдениетінің жаңа бағыттары
туралы айтып бер.
3. Кеңес заманындағы қазақ әдебиетшілерінің шығармашы-
лығы жайлы айтып бер.
4. Алғашқы қазақ деректі фильмдерін ата.
186
186