Page 188 - History_of_Kazakhstan 8 class
P. 188
ды. Қазақстандықтар Кеңес Одағының барлық халқымен бір-
ге фашистермен күреске шықты.
Гитлер өз әскерлерін алға жылжыту үшін үш негізгі бағыт-
ты таңдады: Мәскеу, Киев және Ленинград. Кеңес Одағына
қарсы Гитлер қолбасшылығы 5,5 миллион солдат пен офи-
церден тұратын ондаған дивизия жіберді.
Кеңес әскері мұндай оқиғаны күтпеген еді. Соғыстың
алғашқы күндерінде көптеген командалық пункттер, аэро-
дромдар, оқ-дәрмек қоймалары істен шықты. Әскери бөлім-
дер арасындағы байланыс үзілді. Бірнеше айдың ішінде фа-
шистер Балтық республикаларды, Украина, Беларусь және
Молдованы басып алды.
1941 жылдың күзінде майданда өте қиын жағдай қалып-
тасты. Жаулардың әскері Мәскеуге қарай жақындады. Бүкіл
ел өз астанасын қорғауға тұрды. Әсіресе фашистер Волоко-
ламск жолында Мәскеуге жақын жерде қатты соққы ошағын
ұйымдастырды. Сол жерді Алматыда құрылған генерал Пан-
филов басқарған дивизия қорғады. Ол майданның күрделі
бөлігін алды. Үлкен фашистік әскери бөлімдер, танк дивизия-
лары Мәскеуге қарай бет алды. Фашистер панфиловшылар-
ды тоқтаусыз зеңбіректерден атып, ұшақтардан бомба таста-
ды, оларға танк әскерлерін жіберді. Бірақ панфиловшылар
ерлікті білдіріп, жауды КСРО астанасына жібермеді. Диви-
зияның жартысынан көбі Мәскеу түбіндегі шайқастарда қаза
тапты. Панфиловшылардың ерлігі туралы әндерде, сурет-
терде, кітаптарда айтылған. Олар туралы көптеген фильм-
дер түсірілді, құрметіне көшелер аталған және оларға КСРО-
ның көптеген қалаларында ескерткіштер салынған.
1941 жылдың аяғында Кеңес Армиясының жауынгер-
лерінің ерлігі арқасында фашистер Мәскеудің қасынан
қуылды.
Ұлы Отан соғысының ең қанды шайқастарының бірі Ресей-
дің Сталинград қаласында (қазіргі Волгоград қаласы) болды.
1942 жылы Сталинградты қаһармандық қорғау басталды.
188
188