Page 187 - History_of_Kazakhstan 8 class
P. 187
ҰЛЫ ОТАН СОҒЫС ЖЫЛДАРЫНДА
Хабардар боласың:
Ұлы Отан соғысының басталуы жайлы;
Қазақстандықтардың фашистерді жеңудегі рөлі
туралы.
1933 жылы Германияда жаңа саяси қозғалыс – фашизм
пайда болды. 1933 жылы фашистер Германиядағы билікті ба-
сып алды. Германия мемлекетінің басшысы фашистердің же-
текшісі Адольф Гитлер болды. Олар әлемнің барлық елдері-
не өздерінің үстемдігін орнатуға ниет білдірді. 1941 жылға
таман фашистік Германия Еуропаның көптеген елдерін жау-
лап алды.
1941 жылы 22 маусымда соғыс жарияламай, фашистік
Германия КСРО-ға шабуыл жасады. Ұлы Отан соғысы бастал-
129-сурет. Фашистік Германияның КСРО-ға шабуылы
187