Page 192 - History_of_Kazakhstan 8 class
P. 192

дарында 460 жаңа зауыт, фабрика, шахталар мен кеніштер,

             және темір жолдар салды. Он оқтың тоғызы Қазақстанда өн-
             дірілген  қорғасыннан  құйылды.  Қазақ  КСР  кәсіпорындары
             майданға  көмір,  мұнай,  болат,  киім,  азық-түлік  берді.  Сон-
             дықтан Қазақстанды жеңіс үшін көп жұмыс жасаған майдан
             арсеналы деп атады.
                 Жеңіс Кеңес халқына өте ауыр жолмен келді. Соғыста 27
             миллион адам қаза тапты. Мыңдаған қалалар мен ауылдар,
             ондаған шақырым жолдар қирады. Бірақ кеңес халқы соғыс

             кезінде жаппай ерлік танытып, батылдық пен ерлікті, қайсар-
             лық  пен  табандылықты  көрсетті.  Бұл  соғыс  бүкіл  әлемдегі
             адамдарға қауіп төнген кезде ортақ жауға қарсы күресте бірі-
             гуі керек екенін көрсетті.

                    Фашистер – жер бетінде бір ғана ұлт болу керек деп
                мәлімдеген  адамдар.  Олардың  пікірінше  басқа  ұлттар
                жойылуы керек.
                    Дивизия – бұл үлкен әскери бөлім, 200 000 сарбазға
                дейін болуы мүмкін.
                    Майдан – ұрыс әрекеттері жүргізілген жер, дұшпанмен

                соғысатын шеп.
                    Кеңес  Одағының Батыры –  айрықша қаһармандық
                және ерлік көрсеткені үшін офицерлер мен жауынгерлер-
                ге берілетін атақ.
                    Арсенал – қару жасалған шеберханалар, кейін осы қа-
                рулар сақталатын қоймалар да солай атала бастады.


               ?        1. Ұлы Отан соғысы жылдарын ата?
                       2. Картадан фашистік әскерлердің  жылжу бағыттарын көрсет
                         (129-сурет).
                       3. Фашистік Германияның жоспарлары қандай болды? Осы жос-
                         парларды жүзеге асыруға не кедергі болды деп ойлайсың?
                       4. Панфилов дивизиясы немен танымал? Әңгімеле.
                       5. Неліктен Қазақстан майдан арсенал деп аталды?
                       6. Сендердің өңірлеріңнен шыққан  Ұлы Отан соғыстың батыры
                         туралы мәлімет табыңдар. Әңгіме құрастырыңдар.


           192
           192
   187   188   189   190   191   192   193   194   195   196   197