Page 190 - History_of_Kazakhstan 8 class
P. 190
131-сурет. Ұлы Отан соғысы кезіндегі қазақстандықтардың
еңбектегі ерлігі
Бұл қорғаныс Сталинград шайқасы деп аталды. Қалада әр үй,
әр көше, жердің әр метрі үшін кеңес жауынгерлері ерлікпен
шайқасты. Қазақстандық үш дивизия осы қанды шайқастарға
қатысты. Фашистер қаланы басып ала алмады.
Алдымен Мәскеу, содан кейін Сталинград маңында фа-
шистік армия ақыры тоқтатылды. Бұл Еуропаның көптеген
елдерін тез жаулап алған фашистік Германияның алғашқы
жеңілісі болды. КСРО армиясы шабуылға шығып, фашистер
жаулап алған жерлерді азат ете бастады.
1944 жылдың күзіне қарай Кеңес әскері КСРО-ның бүкіл
аумағын фашистерден босатты. Әрі қарай, фашистер басып
алған басқа елдерді босатып, қайтадан шабуыл жасай ал-
майтындан етіп, жауды толығымен жою керек болды.
1944 жылы кеңес жауынгерлері Еуропа елдерін фашист
басқыншыларынан босатты.
190
190