Page 194 - History_of_Kazakhstan 8 class
P. 194

133-сурет. И. Попов. «Тың жер»


             бойы қазақтар мал бағып келген. Сондықтан егістік жерлер
             аз болды. Қазақ КСР-і КСРО-ның барлық республикаларына
             бидайдың негізгі қоры болуға тиіс еді.  Қысқа мерзім ішінде
             Қазақ КСР-де 25 миллион гектар жаңа жер жыртылды. Сол-

             түстік  және  Орталық  Қазақстанның  орасан  зор  аумақтары
             бірнеше жылдың ішінде толықтай жыртылды.
                 Қазақтар егіншілікті белсенді игере бастады. Бірақ барлық
             ауылшаруашылық жұмыстары үшін байырғы тұрғындар жет-
             кіліксіз болды. Сондықтан үкімет жаңа егістік жерлерді игеру-
             ге бүкіл елден адамдарды жіберуге мәжбүр болды. Олар тың
             игерушілер деп аталды. Негізінен бұл жас жігіттер мен қыз-
             дар болды. Олар әртүрлі республикалардан келді. Алдымен

             тың игерушілер егістік алқаптардың жанында – шатырларда,
             шұңқырларда тұрды. Содан кейін 400-ге жуық жаңа елді ме-
             кен салынды. Ауылдық жерлерде тың игерушілерге арналған
             үйлер, жаңа мектептер, ауруханалар салынды.
                 Бірнеше миллион гектар жерді игеру Қазақстан тарихына



           194
           194
   189   190   191   192   193   194   195   196   197   198   199