Page 182 - History_of_Kazakhstan 8 class
P. 182

ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢА МӘДЕНИЕТІ


                 Хабардар боласың:

                   Халықтық білім беру, ғылымның дамуы туралы;
                   қазақ мәдениеті мен әдебиетінің әлемдік танылуы
                     туралы;
                   қазақ өнеріндегі кеңестік бағыт туралы.


                 Қазақ  мәдениеті  Ұлы  қазақ  даласын  мекендеген  түркі

             тайпаларының  сан  ғасырлық  рухани  мұрасының  заңды  әрі
             дәстүрлі жалғасы ретінде дамыды.
                 Кеңес  өкіметі  жетістіктерінің  бірі  –  халықтық  білім  беру
             жүйесін  дамыту  және  жаппай  сауаттылықты  жүзеге  асыру.
             1930  жылға  қарай  Қазақстанның  барлық  тұрғындары  оқи

             алды, әрі жаза білді. Қазақ тіліндегі оқулықтар жарық көрді,
             Қазақстандағы алғашқы университеттер, ғылыми зертханалар
             мен институттар ашыла бастады.
                 1922 жылғы Қарқаралы халық әншілері байқауы респуб-

             ликада  үлкен  резонанс  тудырды.  Мәскеу  қаласында  өткен
                                               КСРО  халықтары  музыкасының
                                               концерттеріне  1924  жылы  И.  Ко-
                                               цыктың басшылығымен Петропавл
                                               педагогикалық  училищесінің  қазақ

                                               хоры қатысты.
                                                   1925  жылы  Парижде  өткен  Дү-
                                               ниежүзілік  өнер  көрмесінде  және

                                               1927  жылы  Майндағы   Франкфурт
                                               қаласында өткен Дүние жүзілік му-
                                               зы калық  көрмеде  КСРО  халық та-
                                               рының шығармашылық концертте-
                                               ріне  қатысқан,  аса  көр некті  қа зақ

                                               әншісі  Әміре   Қашаубаев   дүние-
                   124-сурет. Әміре
                       Қашаубаев               жүзілік  танымал дыққа ие болды.


           182
           182
   177   178   179   180   181   182   183   184   185   186   187