Page 178 - History_of_Kazakhstan 8 class
P. 178

ҚАЗАҚСТАННЫҢ КӨПҰЛТТЫ АТАНУЫ


                 Хабардар боласың:
                   депортация дегеніміз не;
                   Қазақстанға кімді және неліктен қоныстандырды;
                   депортацияланған  халықтар  қалай  өмір  сүргендігі

                     туралы.

                 Қазақстанның  көпұлтты  келбеті  әртүрлі  тарихи  жағдай-
             лардың нәтижесінде бірнеше ғасыр бойы қалыптасты.
                 Басты  мән-жайлардың  бірі  Қазақстан  аумағының  елдің
             басқа  өңірлерінен  халықтардың  жер  аударылу  орнына
             айналуы болды.
                 1930 жылдардың басында қоныс аудару Кеңес өкіметінің
             саясатымен  келіспейтін  ауқатты  шаруалардың  жойылуына
             байланысты басталды. Ресей мен Украина аумағынан Қазақ-
             станға жүздеген мың отбасы қоныс аударды. 1930–1931 жыл-
             дары Қазақстанға 1 миллион 800 мыңнан астам адам қоныс
             аударды,  оларды  арнайы  қоныс  аударушылар  немесе  ең-
             бек  қоныстарындағылар  деп  атады.  Қазақстанда  арнайы
             қоныс  аударушылар  саны  үнемі  өзгеріп  отырды.  Бұл  жаңа

             жер  аударылғандарға,  жер  аударылған  шаруалардың  ара-
             сын да  өлім-жітім  көптігіне  және  олардың  жаппай  қашуына
             байланысты болды.
                 Сонымен бірге 1931 жылы Қазақстаннан 5500 бай және
             ауқатты малшы көшірілді.
                 Соғыс  алдындағы  жылдары  адамдарды  ұлттық  белгі-
             лері  бойынша  күштеп  көшіру  саясаты  жүргізіле  бастады.
             1935  жылы  Ленинград  облысынан  30  мың  финдер  жер
             ауда рылып,  олардың  бір  бөлігі  Қазақстанға  келді.  Биліктің
             шешімімен  1936  жылы  Украина  КСР  шекаралас  аймақта-
             рынан поляктар мен немістер қуылды.
                 1937 жылы Кеңес басшылығы корейлерді Қиыр Шығыстан

             Қазақстанға жаппай күштеп көшіру туралы шешім қабылдады.
             Корейлермен  бір  мезгілде  дерлік  Қазақстанға  ирандықтар,
             күрдтер, түріктер жер аударылды.


           178
           178
   173   174   175   176   177   178   179   180   181   182   183