Page 183 - History_of_Kazakhstan 8 class
P. 183
Мәдениеттің маңызды көрсет-
кіштерінің бірі – әдебиеттің да-
муы. Дәстүрлі халық ауыз шығар-
машылығы бұрынғыша ерекше
орын алды. Ақындар айтыстарға
қатысып, ақын-импровизаторлар
махаббат, сұлулық, жеке бас бос-
тандығы, әлеуметтік тақырыптар ту-
ралы ойларын поэтикалық түрде
білдірді. Жамбыл Жабаев сияқ-
ты халық ақындарының танымал-
дығы халықаралық деңгейге жетті.
Ақынның «Менің Отаным» поэма- 125-сурет. Жамбыл
сы көпшіліктің көңілінен орын тепті. Жабаев
1930 жылдардағы қазақ ұлттық зиялыларына қарсы
сталиндік қуғын-сүргін қазақ мәдениеті мен өнерінің дамуы-
на кері әсерін тигізді. Республикада қазақтардың ұлттық
мәдениеті мен тарихының жетістіктерін жоққа шығарған кеңес
мәдениеті дамыды.
Жаңа кеңестік қазақ әдебиетінің өкілдері Сәкен Сейфул-
лин, Бейімбет Майлин, Ілияс Жансүгіров, Сәбит Мұқа-
нов болды. Бұл уақытта Мұхтар Әуезовтың, Ғабиден Мұс-
тафиннің, Ғабит Мүсіреповтың, Мәриям Хакімжанованың
алғашқы жұмыстары өмірге келді.
Қазақ жазба әдебиеті өкілдерінің жаңа тобы кеңес қоға-
мының құндылықтарын насихаттады.
Драматургия, кескіндеме, театр және кино өнері сияқ-
ты өнердің жаңа жанрларын игеру басталады.
Кәсіби кескіндеме орталығы П. Хлудовтың шеберханасы
болды. Оның шәкірттерінің бірі – қазақтың көрнекті суретшісі
Әбілхан Қастеев. Қазақстанда бейнелеу өнерінің қалып-
183