Page 180 - History_of_Kazakhstan 8 class
P. 180
отанынан айырылды. Депортацияланған халықтардың өкіл-
дері қарапайым құқықтарынан айырылды. Оларды тауар
вагондарымен тасымалдады, жол бойында мыңдаған адам
аштықтан, суықтан және аурудан қайтыс болды.
Кеңестік дереккөздер мәліметіне сүйенсек, 1946 жылдың
қазанына дейін Қазақстанда КСРО-ның басқа аймақтарынан
күштеп көшірілген 900 мыңға жуық адам өмір сүрген. Халық-
тарды қоныс аударту 1940 жылдардың аяғына дейін жал-
ғасты.
Арнайы қоныс аударушылар тұратын жерлерінде жергілікті
ішкі істер органдарында тіркеу, қайта тіркеу және белгі қою
рәсімдерінен өтуге міндетті болды. Әр қадам бақылауда
болды. Әрбір арнайы қоныс аударушыға жеке іс қозғалды.
Бүкіл қазақ халқы үшін осындай өте ауыр жылдарда сорлап
қалған жандармен қазақтар соңғы үзім нанымен бөлісті, үйіне
паналатты. Біраз жыл өткен соң белгілі қазақстандық ақын
Ян Вон Сик өзінің «Қазақстан жері» атты өлеңінде корей
халқының қайғысын жеткізді және туған жеріне айналған қазақ
жеріне алғысын білдірді. 1950 жылдары осы халықтардың
өкілдеріне отанына оралуға рұқсат етілгеніне қарамастан,
көпшілігі Қазақстанда қалды.
Депортация – жекелеген адамдарды немесе адамдар
топтарын басқа елге немесе басқа жерге мәжбүрлеп
көшіру.
? 1. Депортация дегеніміз не?
2. Кімдер депортацияланды?
3. Депортацияланған халықтар қандай жағдайда өмір сүрді?
4. Депортацияланған адамдарда қандай да бір құқықтар бол-
ды ма?
5. Картадан халықтардың қоныс аудару бағдарларын көрсет
(123-сурет).
180
180