Page 173 - History_of_Kazakhstan 8 class
P. 173
КАЗАҚСТАНДЫҚ ТРАГЕДИЯ
Хабардар боласың:
ұжымдастыру дегеніміз не;
шаруалардың ұжымдастыруға қарсылығы жайлы;
1931–1933 жылдардағы ашаршылық жайлы.
Большевиктер (кейінірек коммунистік партия) билікке кел-
геннен кейін бүкіл жер мен барлық кәсіпорындарды мем ле-
кет меншігі деп жариялады. Большевиктерден басқа бар-
лық саяси партияларға тыйым салынды. Олардың тірегі
тауар лардың бөлінуіне тәуелді болған өнеркәсіптік кәсіп-
орындардың жұмысшылары болды. Сондықтан большевик-
тер өздеріне шаруаларды да бағындыруға тырысты.
Қазақстанда өнеркәсіптік кәсіпорындар мен жұмыс-
шылар аз болды. Көшпенді қазақтар дәстүрлі шаруашы-
лық жүргізді, олардың ортасында коммунистік идеяларды
қолдау әлсіз болды. Сондықтан Қазақстанда 1920 жылдары
дәстүрлі қазақ қоғамын әлсірету саясаты жүргізіле бастады.
Алаш партия сының бұрынғы мүшелерін биліктен
шеттетуді, бай мал шаруашылықтарын құртуды, дәстүрлі
экономиканы жоюды көздеді.
Коммунистік партия индустрияландыру саясатын жүргізіп,
шетелден жаңа машиналар мен басқа да жабдықтарды сатып
алуға қаржы іздеді. Бұл қаражатты алу үшін шаруаларға са-
лынатын салықтар көбейтілді. Астық пен ет бағасы төмен-
детілді. Шаруалар қарсыласты және ауылшаруашылық өнім-
дерін белгіленген бағамен беруден бас тартты.
Ауыл өнімдерін алуды қамтамасыз ету үшін 1920 жылдар-
дың аяғы мен 1930 жылдардың басында ұжымдастыру
саясаты – шаруаларды ұжымдық шаруашылықтарға (қысқа-
173