Page 171 - History_of_Kazakhstan 8 class
P. 171
117-сурет. Теміржол құрылысы
маттық соғыс аяқталғаннан кейін салынған Петропавл –
Көкшетау жолы болды. 1931 жылы бұл жол Қарағандыға
дейін жалғанды.
КСРО-дағы ең ірі құрылыс Түркістан-Сібір магистралі –
Түрксіб болды. Бұл жол 1930 жылы аяқталып, Орта Азия
мен Сібірдің өндірістік орталықтарын байланыстырды. 1930
жылдары Қазақстанның оңтүстігінде, шығысында және
орталығында жаңа теміржол учаскелері салынды.
Қазақстанның индустриялық дамуының ерекшелігі
негізінен өндіруші және өңдеуші өнеркәсіптің дамуы болды.
Әсіресе металлургияға көп мән берілді.
Жаңа өнеркәсіптік кәсіпорындардың құрылысы және
бұрынғы өнеркәсіптік кәсіп орын дарды қайта құру жылдам
қарқынмен басталды. Шым кент, Балқаш, Жезқазған,
Өскемен, Текелі, Ащысайда метал лургиялық зауыттар
пайда болды. Қарағандыда бірқатар жаңа заманауи шахталар
171