Page 167 - History_of_Kazakhstan 8 class
P. 167

рыл  ды.  Бас тапқы  уақытта  ол  Ресей  федеративтік  респуб-

        ликасының құрамына кірді. 1920 жылы Қазақ Кеңестік авто-
        номиясы  құ рыл ғаннан  кейін  астанасы  Орынбор  қаласы
        болған.  1925  жылы  Орынбор  Ресейге  беріледі  де,  жаңа
        астана болып Қызылорда қаласы тағайындалады. Алайда
        ол  екі  жыл  ғана  республиканың  бас  қаласы  болып  қызмет
        етті.  Қаланың  орналасуы  ыңғайлы  болмады.  Темір  жол
        салынғаннан кейін ол республиканың негізгі өндірістік орта-

        лықтарынан тыс қалып қойды.
            Сондықтан  да  1927  жылы  астана  Алматыға  көшірілді.
        Қала  жылдам  өсе  бастады.  Ол  өнеркәсіптік,  мәдени  және
        білім беру орталығына айналды. Ол Кеңес Одағындағы ең
        «жасыл» қалалардың бірі болды. Оның «бау-бақшалы қала»
        деп аталуы да орынды.
            Патша өкіметінен қалған ауыртпалық қазақтардың әртүр-

        лі республикалардың құрамында бөлініп кетуі еді. Оңтүстік-
        те Сырдария және Жетісу облыстары Қазақстанның құрамы-
        на  кірмеді.  Олар  1918  жылы  құрылған  Түркістан  республи-
        касының бір бөлігі болды. Қазақ жерлерін біріктіру идеясын
        Алаш партиясының көшбасшылары да қозғаған еді. Түркіс-
        тан республикасы 1924 жылы ғана жойылды. Оның орнын да

        Өзбек, Тәжік, Түркімен және Қырғыз республикалары пайда
        болды. Қазақтар тұратын аудандар Қазақ республикасының
        құрамына кірді.
            1936 жылы еліміздің тарихында тағы бір маңызды оқиға
        орын  алды.  Қазақстан  Ресей  Федерациясының  құрамынан
        шығып,  Кеңес  Одағының  құрамындағы  дербес  республика
        атанды. Қазақстан одақтас республика мәртебесін алды.
            Жаңа мәртебеге және заңдарда жазылған құқықтарға қа-

        рамастан, іс жүзінде Қазақстан Мәскеу билігінің шешімдеріне
        тәуелді  болып  қала  берді.  Өнеркәсіптік  кәсіпорындардың
        көпшілігі республикалық емес, одақтық басқару органдарына
        бағынды. Барлық ірі лауазымдарға тағайындау да Мәскеуде
        жүргізілді.



                                                                                       167
   162   163   164   165   166   167   168   169   170   171   172