Page 165 - History_of_Kazakhstan 8 class
P. 165
Бастапқыда Алаш автономиясының басшылары ақ гвар-
дияшылармен одақ құрғысы келді. Алайда Ақ гвардия
басшылары ұлттық автономияларды мойындаудан бас
тартты. Олар патша заманындағы тәртіптерді қалпына кел-
тіруді қалады. Сол кезде Алаш басшылары большевик-
термен келіссөздер жүргізе бастады. В. Ленин қазақ халқы
Кеңес өкіметін мойындаса, Қазақ ұлттық автономиясын
құруға келісті.
Алаш автономиясын жариялау қазақ халқының мемле-
кеттік дербестігінің негізін қалады. Бұл автономия Қазақстан
аумағының шекараларын анықтап, ол кейін заңдарда бе-
кітілді. Большевиктер басшылары қазақтардың дербестікке
ұмтылаты нын және автономия идеясын қолдайтынын
байқады.
Революция – көтеріліс нәтижесінде саяси құрылысты
өзгерту.
Азаматтық соғыс – бір мемлекеттің азаматтары ара-
сындағы соғыс.
Автономия – немесе автономды республика – мемлекет-
тің дербестікке ие бір бөлігі.
? 1. 1917 жылы Ресейде қандай оқиға орын алды?
2. Большевиктердің басшысы кім?
3. Қазақ автономиясы қалай аталды?
4. Оның басшысы кім болды?
5. Автономия құруда қандай қиындықтар туындады?
6. Большевиктер Алаш автономиясын мойындау үшін қандай
талап қойды?
165