Page 169 - History_of_Kazakhstan 8 class
P. 169
Кеңес қоғамының ерекшелігі жеке меншіктің болмауы еді.
Барлық жерлер, кәсіпорындар, дүкендер, тұрғын үйдің көп
бөлігі мемлекет меншігінде болды. Барлық бағаларды мем-
лекет белгіледі.
Тағы бір маңызды ерекшелігі большевиктер партия сы-
ның (ком мунистік партияның) шексіз билігі болды. Сөз жү-
зінде билік дауыс беру арқылы сайланған Кеңестерге тие-
сілі болды. Іс жүзінде барлық шешімдерді партия жетекшісі
қабыл дады. Большевиктердің жетекшісі В.Ленин қайтыс
болғаннан ке йін Иосиф Сталин елдегі билікті өз қолына
алды. Ол жеке-дара басқару режимін орнатты, барлық қар-
сыластарының көзін жойды. Елдегі демократияның барлық
элементтері жойылды.
Кеңес өкіметі – мемлекетті басқару мақсатында (боль-
ше виктер құрған) органдар билігі.
Одақтас республика – КСРО-ның бір бөлігі болатын рес-
публика. Онда тәуелсіздіктен басқа мемлекеттің барлық
белгілері – аумақ, билік органдары, мемлекеттік тіл және
мемлекеттік рәміздер – елтаңба, ту және әнұран болды.
? 1. Қазақ автономиялық республикасының астанасы қандай
қалалар болды? Ретімен айтып бер.
2. 1924 жылы қазақ республикасына қандай облыстар қо сыл-
ды?
3. Облыстар қосылғанға дейінгі және қосылғаннан кейінгі
Қазақстан шекараларын картадан көрсет (115-сурет).
4. 1936 жылы қандай маңызды тарихи оқиға орын алды?
5. Одақтық республика мәртебесі Қазақстанға қандай құқық
берді?
6. Кеңестік республиканың ерекшеліктері жайлы әңгімеле.
169