Page 174 - History_of_Kazakhstan 8 class
P. 174
ша – колхоздар) күштеп біріктіру басталды. Сонымен қатар
көшпелі қазақтарды күштеп отырықшылыққа көшіре бас-
тады.
Бұл саясат көшпелі шаруашылықтың ерекшеліктерін
ескермей жүргізілді. Бұл жұмысты жүзеге асыру үшін ауыл
шаруашылығын жақсы білмейтін ірі өнеркәсіптік орта лық-
тардың жұмысшылары тартылды. Барлық мал іріктеліп, үлкен
табындарға, көбінесе жем-шөп пен су жоқ жерлерге айдалды.
Отырықшылық дегеніміз көшпенділікті тоқтату ғана деп
түсінді. Малдың жайылымын өзгертуге мүмкіндігі болмады,
жем-шөп алдын-ала дайындалмады. Бұл малдың жаппай
қырылуына әкелді. Малдың жалпы саны 20 есеге дерлік
азай ды. Мы салы, қой саны 18 миллион 500 мыңнан 1 мил-
лион 400 мыңға дейін азайды. Арнайы құрылғыларды сатып
алу үшін шетелге ет, жүн, астық жіберілді.
Биліктің әрекетіне жауап ретінде күллі Қазақстан көле-
мінде көтерілістер басталды. 1929–1931 жылдары 372 кө-
тері ліс болды, оған 80 мыңға жуық адам қатысты.
Ұжымдастырудан
Мал түрі Ұжымдастыруға дейін
кейін
ірі қара мал 6 миллион 500 мың 960 мың
жылқы 3 миллион 600 мың 400 мың
қой 18 миллион 500 мың 1 миллион 400 мың
түйе 1 миллион 60 мың
118-сурет. Ұжымдастыруға дейін және одан кейінгі кезеңді
салыстыру кестесі
174
174