Page 172 - History_of_Kazakhstan 8 class
P. 172

ашылады.  Ембідегі  мұ най  кәсіпшіліктері  кеңейді.  Барлығы

             120-дан астам өнеркәсіптік кәсіпорын салынды.
                 Нәтижесінде Қазақстан КСРО-да мұнай мен көмір өндіру
             бойынша  үшінші  орынға,  түсті  металдар  өндірісі  бойынша
             екінші  орынға  шықты.  Қазақстан  экономикасындағы  өнер-

             кәсіптік  өндірістің  үлесі  59%-ға  дейін  өсті.  Жаңа  қалалар  –
             Қарағанды,  Балқаш,  Риддер  қалалары  бой  көтерді.  Қала
             халқы 8-ден 28%-ға артты.
                 Барлық  жаңа  кәсіпорындарды  жұмыс  күшімен  қамтама-
             сыз ету үшін Қазақстанға Ресей, Украина, Белоруссия және
             КСРО-ның басқа да республикаларының тұрғындары қоныс

             аударды. Осы кезеңде республикаға жалпы саны 1 миллион
             800 мыңнан астам адам қоныс аударды.
                 Қазақстанда  өнеркәсіптің  дамуына  қарамастан  өндіруші
             кәсіпорындар  басым  болды.  Көмір,  мұнай,  темір  кені  және
             басқа да пайдалы қазбалар өндірілді.



                Индустрияландыру – ірі, техникалық тұрғыдан дамыған
                өнеркәсіп құру, экономикадағы өнеркәсіптің үлесін едәуір
                ұлғайту.
                Металлургия  –  экономика  саласы,  кен  өндіру  және
                балқыту.  Қара  металлургия  –  темір  кенін  өңдеу  және

                темір балқыту. Түсті металлургия – басқа металдарды –
                мыс, қорғасын, алюминийді балқыту.
                Жеңіл өнеркәсіп – адамдардың тұтынуы үшін өнім шыға-
                ратын сала. Бұл киім, аяқ киім, түрлі маталар өндірісі.



               ?        1. Индустрияландыру дегеніміз не?
                       2. Индустрияландыру кезеңі бойында Қазақстанда қандай өз-
                         герістер орын алды?
                       3. Металлургия зауыттары қандай қалаларда салынды?
                       4. Қазақстанның қалалық халқы неліктен көбейді?
                       5. Неліктен  Қазақстанға  басқа  республикалардан  жұмысшы-
                          лар келді?


           172
           172
   167   168   169   170   171   172   173   174   175   176   177