Page 164 - History_of_Kazakhstan 8 class
P. 164
113-сурет. Қазақстандағы революция
жақтады. Алаш партиясының жетекшілері 1917 жылдың жел-
тоқсанында Орынборда Жалпы қазақ съезін жинады. Онда
қазақтар мекендеген барлық уездердің өкілдері Қазақстан
аумағында Алаш автономиясының құрылғаны туралы жа-
риялады.
Алаш Автономиясындағы билікті Халық Кеңесі жүзеге асы-
рды. Үкіметтің басшысы Әлихан Бөкейханов болды. Басқа-
ру органдары, өз әскері – алаш полктері қалыптаса бастады.
Алайда Алаш автономиясын құру кезінде қиындықтар болды.
Азаматтық соғыс жүріп жатты, облыстар арасында байланыс
жиі болмай қалатын.
Автономияның өз қаржысы жоқ дерлік еді. Әскер нашар
қа руланған, арнайы дайындалған офицерлер жетіспеді.
Қазақтардың автономиясын мойындауға келіскен одақтас
керек болды.
164
164