Page 163 - History_of_Kazakhstan 8 class
P. 163

АЛАШ АВТОНОМИЯСЫ



            Хабардар боласың:

              1917 жылы Ресей империясындағы саяси жағдай
              туралы;
              қазақтың Алаш автономиясының құрылуы туралы.

            ХХ ғасырдың басында сол кезде Қазақстан аумағы құра-

        мында болған Ресей империясының ішінде патшаның би лі-
        гіне және оның айналасына наразылық өсті. Бірінші дүние-
        жүзілік  соғыс  бұл  жағдайды  одан  әрі  ушықтырды.  Соғысқа

        бай ланысты  қиыншылықтар  мен  тауқыметтің  негізгі  бөлігі
        қара пайым         халықтың        мойнына

        түсті.

            1917  жылы  халық  көтерілістері-
        нің  нәтижесінде  патша  тақтан  тай-
        дырылды.

            1917 жылдың қазан айында би-
        лік Владимир Ильич Ленин бастаған
        большевиктер  партиясының  қолы-

        на өтті. Қазан революциясы орын
        алды.
            Бұрынғы  Ресей  империясының

        көлемінде  большевиктердің  жақ-                    112-сурет. В.И. Ленин
        тастары мен олардың қарсыласта-

        ры арасында азаматтық соғыс басталды. Большевиктердің
        қарсыластары  Ақ  гвардия  немесе  ақ гвар дияшылар  деп
        аталды.  Больше виктер  үкіметінің  әскері  Қызыл  Әскер  деп
        аталды.

            Қазақ зиялылары Қазақстанның еркіндігіне заңды жолмен
        қол жеткізуге бел буды. Олар «Алаш» саяси партиясын құр-

        ды. Бұл партия Ресейден қазақ жерлерінің тәуелсіздік алуын


                                                                                       163
   158   159   160   161   162   163   164   165   166   167   168