Page 158 - History_of_Kazakhstan 8 class
P. 158
ұлы сияқты ақындар Ресей билігін сынға
алып, қазақтардың өткенін, Қазақ хандығы
заманын жырлады.
Басқа ақындар мен жазушылар қазақ-
тардың болашағын ескі тәртіпке оралудан
емес, білім беруді дамытудан, ғылымды
зерттеуден көрді. Олардың арасында
Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлы пен Шәкәрім
Құдайбердіұлы да болды. Олар қазақтар-
ды оқуға, заманауи білім алуға, елдің саяси
110-сурет. Шәкәрім
Құдайбердіұлы өміріне белсенді араласуға шақырды.
Шәкәрім тек ақын әрі философ қана емес,
аудармашы болған. Ол Пушкин, Хафиз және Физулидің
шығармаларын қазақ тіліне аударған.
XX ғасырға дейін қазақ әдебиетінде проза сынды жанр
болған жоқ. Тек поэтикалық, ұйқасты сөйлеу бағаланды.
ХХ ғасырдың басында алғашқы қазақ романдары пайда
болады. Олардың авторлары «Бақытсыз Жамал» романын
жазған Міржақып Дулатов пен «Қалың мал» романының
авторы Спандияр Көбеев болды.
А. Байтұрсыновтың поэтикалық ертегілері және оның
Крыловтың ертегілерінің аудармалары өте танымал болды.
1911 жылы А. Байтұрсыновтың өлеңдер жинағы жарық көрді.
ХХ ғасырдың басында дарынды қазақ жазушысы
Жүсіпбек Аймауытовтың шығармашылық жолы баста-
лады. Ол «Абай» әдеби журналын шығарды, бірнеше пьеса
жаз ды. Ж.Аймауытов тамаша аудармашы болған. Ол қазақ
оқырмандарын Пушкин, Толстой, Горький, Мопассан, Шек-
с пир, Гюго және басқа да әлем авторларының шығарма-
ларымен таныстырды.
Мағжан Жұмабаевтың шығармашылығы қазақ поэзия-
сын да ерекше орын алады. Ол қазақ өлеңіне жаңа поэти ка-
158
158