Page 153 - History_of_Kazakhstan 8 class
P. 153

ҚАЗАҚТЫҢ ҰЛТТЫҚ ЗИЯЛЫЛАРЫ


            Хабардар боласың:

              қазақ зиялыларының қалыптасуы туралы;
              дарынды педагог А. Байтұрсынов туралы;
              ХІХ ғасырдағы қазақ зиялыларының белгілі өкілдері
                жайлы.

              Қазақстан  аумағының  Ресейге  қосылуының  сөзсіз  жа-

        ғымды тұсы қазақтардың заманауи білімге қол жеткізуі болды.
        Қазақ  балаларына  мектептер  ашыла  бастады.  Көптеген
        жастар  орыс  мектептерінде  оқып,  жоғары  оқу  орындарына

        түсе  бастады.  Осылайша  қазақ  зиялылары  қалыптаса
        бастады.  Пайда  болған  қазақ  зиялылары  қазақ  халқының
        бостандығы мен тәуелсіздігін армандады. Олар өздерін ұлы
        Абайдың ізбасарлары деп санады.

            Жоғары  білім  алған  қазақтардың  арасында  ғылым,  тех-
        ника, мәдениет  және білім беру саласында қызмет ат қарған
        адамдар тобы пайда болды.

            Ахмет  Байтұрсынов  қазақ  ұлт-
        тық  зиялыларының  көрнекті  өкілі
        болды.  Ол  1874  жылы  Торғай  да-
        ласында  дүние ге  келген.  Ахмет

        13  жасқа  келгенде  әкесі  мен  үл-
        кен  ағалары  билікке  қарсылық  көр-
        сеткені  үшін  тұтқындалып,  Сібір-
        ге  жер  аударылды.  Ахмет  мектепті

        бітірген  соң,  Орынборға  барып,
        Ы.  Алтынсарин  ашқан  училищеде
        оқыды. Аяқтағаннан кейін А. Байтұр-
        сынов Қостанай, Ақтөбе, Қарқаралы,

        Омбы мектептерінде мұғалім болды,                      105-сурет. Ахмет
        сабақ берді.                                             Байтұрсынов



                                                                                       153
   148   149   150   151   152   153   154   155   156   157   158