Page 154 - History_of_Kazakhstan 8 class
P. 154
А. Байтұрсынов дарынды педагог және ғалым болған. Ол
араб графикасы негізінде қазақ жазуын реформалады. Қа-
зақтың алғашқы иллюстрацияланған әліппесін дайындады,
ана тілі бойынша бірнеше оқулық жазды. А. Байтұрсынов
дәстүрлі қазақ мәдениетінің тарихы бойын ша өлеңдер мен
мысалдар, ғылыми зерттеулер жазған. А. Байтұрсыновтың
бастамасымен қазақ тіліндегі алғашқы қазақ газеті жарияла-
на бастады.
Әлихан Бөкейханов тамаша ға -
лым болды. Ол ақсүйек тер руынан
шыққан, қазақ хан дарының ұрпағы
болған. Әлихан Омбы техникалық
училищесін де және Петербург
Ор ман инсти тутында білім алған.
Ол жур на лист, экономист ғалым
ре тін де та нымал. Әлихан бірнеше
экспедицияларға қатысып, қазақ-
тардың шаруашылығын зерттеді.
Ол Абайдың алғашқы өмірбаянын
жазды. Ә. Бөкейханов қазақтар
ара сында Батыс мәдениеті мен
106-сурет. Әлихан Батыс білімінің дамуын жақтап,
Бөкейханов
Ресей империясының отаршылдық
саясатына қарсы шықты.
Жас қазақ зиялыларының тағы бір жарқын өкілі –
Міржа қып Дулатов. Ол ерте жетім қалды, А. Байтұрсынов
сабақ берген мектепте оқыды. Білім алғаннан кейін Міржақып
өзі мұғалім болды. Әдеби қызметпен айналысты, өлең жаз-
ды. Оның қаламына «Бақытсыз Жамал» атты алғашқы қазақ
романы тиесілі.
Қазақтың алғашқы дәрігері Мұхамеджан Қарабаев бол-
ды. Ы.Алтынсариннің ұсынысы бойынша ол Троицк гим-
154
154