Page 155 - History_of_Kazakhstan 8 class
P. 155

назиясы  мен  Қазан  университетін  бітірді.  Қазан,  Орын-

        бор, Қостанай және Якутияда дәрігер болып жұмыс істеді,
        сүзек індетімен күресті. Сіңірген еңбегі үшін ол генералға сәй-
        кес келетін статтық кеңесші атағына дейін қызмет етті.

            Алғашқы  қазақ  журналистерінің  бірі  –  Мұхамеджан
        Сералин.  Ол  1913  жылы  қазақ  тілінде  алғашқы  «Айқап»
          журналын шығара бастады. М. Сералин Қазақстан аумағын-
        дағы саяси жағ дай, қазақтардың шаруашылығы, қазақ халқы-
        ның мәдениеті мен білімі тақырыптарында мақалалар жазды.

            Ташкент гимназиясы мен Санкт-Петербург университетінің
        түлегі, заңгер әрі саясаткер Мұстафа Шоқай болды. Ол жер
        дауларында  қазақтардың  мүдделерін  қорғап,  белсенді  жұ-

        мыс істеді.
            Сол  университетті  Бақытжан  Қаратаев  бітіріп,  кейін
        Қазақстанда,  Грузияда  және  Петербургте  заңгер  болып
        жұмыс істеген. Верный гимназиясын және Санкт-Петербург
        қатынас  жолдары  институтын  қазақтың  тұңғыш  теміржол

        инженері және саяси қайраткер Мұхамеджан Тынышпаев
        бітірді.





























                 107-сурет. Қазақ тіліндегі алғашқы «Абай» журналдары


                                                                                       155
   150   151   152   153   154   155   156   157   158   159   160