Page 156 - History_of_Kazakhstan 8 class
P. 156
108-сурет. Мұхамеджан Тынышпаев
Қазақ ұлттық зиялыларын өкілдері белсенді өмірлік
ұстанымға ие болды, қазақ халқының бостандығы мен тәуел-
сіздігіне ұмтылды. Олар XX ғасырдың басында «Алаш» саяси
қозғалысын құрды.
Зиялылар – жоғары білім алған және ғылым, техника,
білім және мәдениет саласындағы қызметпен айналы-
сатын адамдар тобы.
«Алаш» – қазақ халқының бостандығы мен тәуелсіздігі
үшін құрылған саяси қозғалыс.
? 1. Ресейге қосылу қазақ халқы үшін қандай жағымды өзгеріс
әкелді?
2. Неліктен қазақтар үшін білім алу өте маңызды болды?
3. Зиялылар қатарына кімдер жатады?
4. Мамандықтар тізімінен зиялы қауым өкілдерін таңда.
Өз таңдауыңды түсіндір.
Мұғалім, жүк тиеуші, дәрігер, шаштараз, заңгер, аспаз.
5. Қазақ зиялыларының алғашқы өкілдерін ата.
156
156