Page 151 - History_of_Kazakhstan 8 class
P. 151

104-сурет. Абайдың ескерткіші


            Абай кейбір өлеңдеріне ән жазған: «Айттым сәлем, Қалам-
        қас…»,  «Өзге ге  көңілім  тоярсың»,  «Бойы  бұлғаң»,  «Сегіз

        аяқ», «Татьяна ның хаты» және басқалары.
            Абайдың  шығармалары  әлемнің  көптеген  тілдеріне
        аударылған. Ұлы ақын Абайдың құрметіне әдебиет саласын-
        дағы  Қазақстанның  Мемлекеттік  сыйлығы  тағайындалды.
        Сонымен қатар оның құрметіне қала, әкімшілік орталықтар,
        көшелер,  театрлар,  кітапханалар  және  республика  аума-
        ғындағы  басқа  да  нысандар  аталған.  Оның  ішінде  Қазақ
        мемлекеттік академиялық опера және балет театры, Алматы
        қаласындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті.

            Алматы қаласындағы Абай даңғылында қала символда-
        рының біріне айналған ұлы ақын ескерткіші орнатылған.
            Абайдың 150 жылдығы 1995 жылы ЮНЕСКО қамқорлы-
        ғымен  өтті.  Қазақстанда  2020  жыл  Абай  жылы  деп  жа рия-
        ланды.



                                                                                       151
   146   147   148   149   150   151   152   153   154   155   156