Page 149 - History_of_Kazakhstan 8 class
P. 149
йынша еңбектері әлемдік деңгейде
мойындалды.
Қазіргі заманғы қазақ білім беру
жүйесінің негізін қалаушы Ыбырай
Алтынсарин (1841–1889 жж.) болды.
Ол Қазақстанда мектептер ашып,
балаларға арналған оқулықтар, әңгі-
мелер мен өлеңдер жазды. Оның
басшылығымен қолөнер мектептері
және қыздарға арналған алғашқы
мектептер ашылды.
Ы. Алтынсарин «Қыпшақ Сейіт», 101-сурет. Ыбырай
«Киіз үй мен ағаш үй», «Асыл шөп», Алтынсарин
«Әке мен бала», «Бай баласы
мен жарлы баласы», «Таза бұлақ» атты әңгімелер мен
новеллалардың авторы болған.
Ы. Алтынсарин жан-жақты білімді адам болған. 1868
жылы наурызда Императорлық Орыс географиялық қоға-
мының Орынбор бөлімінің отырысында қазақ халқының
этнографиясы тақы рыбында сөз сөйледі. Мақаланы көпшілік
мақұлдады және көп ұзамай жарияланды.
Ол патша саясатына қарсы шықты. Мұны оның 1880
жылғы «Орынбор парағы» газетінің беттеріндегі мақаласы
дәлелдейді.
Қазіргі қазақ әдебиетінің негізін қалаушы Абай Құнанбаев
(1845–1904 жж.) болды.
Абай көрнекті ақын және ойшыл. Ол қазақтардың әдеби
тілін реформалап, оны қарапайым халыққа түсінікті тілмен
жеткізді, А. Пушкин, Ю. Лермонтов, Байрон және Гете шығарма-
ларын қазақ тіліне аударды. Абай композитор болған, оның
көптеген әндері әлі күнге дейін халық арасында шырқалып
149