Page 144 - History_of_Kazakhstan 8 class
P. 144
1916 ЖЫЛҒЫ КӨТЕРІЛІС
Хабардар боласың:
қазақтардың Ресейге отарлық тәуелділігі туралы;
қазақ халқын көтеріліске әкелген себептер туралы;
1916 жылғы көтерілістің тарихи маңызы туралы.
ХХ ғасырдың басында Қазақстан аумағы Ресейдің толық-
тай отарына айналды. Халықтың ешқандай саяси құқығы
болған жоқ. Қазақтардан жер алу жалғасты. Кедейленген
қазақтар ауылдан қалаға және өнеркәсіп кәсіпорындарына
жұмысқа кетіп жатты. 1917 жылға қарай Қазақстанда жұмыс-
шылар саны 90 мың адамға жетті. Жұмысшылардың жағ-
дайы ауыр болды. Жұмыс күні 12–ден 16 сағатқа дейін со-
зылды. Жалақы Ресейге қарағанда 3–4 есе төмен болды.
Медициналық қызмет көрсетілмеді.
1914 жылы Ресей империясы Англия, Франция және
Америкамен одақтасып Германия, Австрия-Венгрия және
97-сурет. ХХ ғасырдың басындағы қазақ тұрғындары
144
144