Page 139 - History_of_Kazakhstan 8 class
P. 139

92-сурет. Қазақстандағы кен орындары


        кендері, Өскеменнің алтыны ашылды. ХІХ ғасырдың аяғында
        Қазақстан аумағы негізгі мыс өндірушіге айналды. Ресейлік
        кәсіп керлер жергілікті тұрғындардан аса бай кен орындарын

        өте төмен бағаға сатып алып, осы жерлерде өздерінің  өнер-
        кәсіптік кәсіпорындарын салды. Осылайша Қазақстан  өнер-
        кәсібі пайда болды.

            Осы  уақытта  еліміздің  батысында  Ембіде  мұнай  өн-
        діру басталды. Қазақстандағы алғашқы мұнай 1899 жылдың
        қарашасында  қазіргі  Атырау  облысының  аумағында  Қара-

        шұңғыл  кен  орнында  өндірілді.  1911  жылы  29  сәуірде
        Доссор шатқалында алғашқы мұнай табылды. Оның сапасы
        өте  жоғары  болғандықтан  кәсіпкерлердің  қызығушылығын

        тудырды. Осылайша Ембіде ірі өнеркәсіптік мұнай өндірудің
        негізі  қаланды.



                                                                                       139
   134   135   136   137   138   139   140   141   142   143   144