Page 138 - History_of_Kazakhstan 8 class
P. 138
ХІХ–ХХ ҒАСЫРДЫҢ ШЕГІНДЕ
ӨНЕРКӘСІПТІҢ ДАМУЫ
Хабардар боласың:
XIX ғасырдың екінші жартысындағы қазақтардың
жағдайы туралы;
қала халқының неліктен көбейе түскенін;
тау-кен өндіру өнеркәсібінің дамуы туралы.
XIX ғасырдың екінші жартысында Қазақ жерлері Ресей
империясының құрамына кірді. Хандардың билігі жойылды,
барлық жерлері губерниялар мен уездерге бөлінді, оларды
басқаруға ресейлік шенеуніктер мен офицерлер қойылды.
Орталық Ресейден қоныс аударушыларды қазақ жер-
леріне қоныстандыруға бағытталған Ресейдің саясаты сал-
дарынан бірте-бірте байырғы қазақ халқының үлесі азайып,
қоныс аударған басқа халықтардың саны артты.
Малшылардың көшу алқаптарын азайтуына тура келді.
Бұл қазақтардың бір бөлігінің жұмыс іздеп қалаларға қоныс
аударуына, екінші бөлігінің егіншілікке және отырықшы өмір
салтына көшуіне әкелді. Қазақ халқының көпшілігі ауылдық
жерлерде өмір сүруін жалғастырды және жартылай көшпелі
мал шаруашылығымен айналыса бастады.
Сонымен қатар Қазақстан аумағында өндіруші өнеркәсіп
дами бастады. Ресей империясына шикізат көздері, арзан
жұмыс күші және өз өнімдерін өткізетін нарық қажет болды.
Сондықтан XIX ғасырдың екінші жартысында мыс, көмір
және мұнай өнеркәсібі белсенді игеріле бастады.
1833 жылы Қарағанды көмір кен орны ашылды. Кейінірек
Екібастұз кө мір кен орны, Майқайың полиметалл кен орны,
Жезқазған мыс кен орны, Риддер мен Зырян түсті металл
138
138