Page 143 - History_of_Kazakhstan 8 class
P. 143

Қазақ ұлтынан шыққан жұмысшылар арасында теміржол-

        шылардың саны едәуір болды. Олардың көпшілігі темір жол
        құрылысында  маусымдық  жұмыс  –  түздегі  кәсіппен  айна-

        лысты.
            XIX–XX  ғасырлар  шегінде  Қазақстан  аумағында  қала
        халқының өсу үрдісі байқалады. Барлық облыстарда қала

        халқы 1897–1914 жылдары бір жарым еседен артық шамада
        өсті.
            Сол замандағы ірі қалалар Орал, Петропавл және  Вер-

        ный  (қазіргі  Алматы),  Семей  қалалары  болды.  Әкім ші лік
        орталықтар  ретінде  пайда  болған  қалалардың  көпшілігі
        тез  арада  сауда  және  өңдеу  өнеркәсібі  орталықтарына

        айналды.


           Қоныс  аударушылар  –  өз  еркімен  немесе  мәжбүрлі

           түрде тұрғылықты жерін ауыстырған адамдар.
           Түздегі кәсіп – үйден тыс жерде маусымдық уақытша
           жұмыс.




          ?        1. Қазақтардың қалаларға қоныс аудару себептерін ата.
                  2. XIX ғасырдың соңында Қазақстан аумағында ашылған кен
                    орындарын ата. Картадан көрсет.
                  3. Қазақстанның XIX ғасырдағы ірі қалаларын ата.
                  4. Теміржол салуға не себеп болды?
                  5. Алғашқы теміржол қайда және қашан салынды?
                  6. 93-суретке қара. Теміржолдың қалай салынғаны туралы не
                    айта аласың?















                                                                                       143
   138   139   140   141   142   143   144   145   146   147   148