Page 148 - History_of_Kazakhstan 8 class
P. 148
ХIХ–ХХ ҒАСЫРЛАР ШЕГІНДЕГІ ҚАЗАҚТЫҢ ҰЛЫ
АҒАРТУШЫЛАРЫ
Хабардар боласың:
қазақтың ұлы ағартушылары Ш. Уәлиханов,
Ы. Алтынсарин, А. Құнанбаев туралы;
олардың қазақ ғылымына және әдебиетіне қосқан
үлесі туралы.
Көптеген қазақтар заманауи білімнің, заманауи ғылым ның
болмауы қазақ қоғамының әлсіздігі екенін түсінді. Халықтың
озық ойлы өкілдері балаларын орыс мектептері мен жоғары
оқу орындарында оқытты. Еуропада болған мәдениет және
ғылыммен таныса бастады.
Тамаша еуропалық білім алған алғашқы қазақ ғалымда-
рының бірі Шоқан Уәлиханов (1835–1865 жж.) болды.
Шоқан Уәлиханов 1835 жылы қарашада аға сұлтан Шың-
ғыс Уәлихановтың отбасында дүниеге келген. Ол кадет кор-
пусында білім алды.
Ш. Уәлиханов Қытайға бірнеше
саяхат жасаған. 1855 жылы
ол Орталық Қазақстан, Жетісу
және Тарбағатай өңірлеріне үл-
кен саяхатқа барады. Шоқан қа-
зақ халқының және оның тұр-
мы сының тарихын зерттеді, ста-
тистика, қазақтардың әдеттегі
құқығы мен ежелгі діні бойынша
материалдар жинады. Ол Орыс
географиялық қоғамының мүше-
сі болып сайланды. Оның та-
рих, география, этнография бо-
100-сурет. Шоқан Уәлиханов
148
148