Page 58 -
P. 58

-  ойын ережелерін, кезектілігін және ойын әрекеттерінің кезектілігі мен
                         өзара байланысын бағытталған түрде ұстану.
                      Тексеру  барысында  алынған  мағлұматтарды  тәрбиеші  бағдарламада
                  төменгі немесе жоғары топқа қойылатын  талаптарымен салыстырады.
                         Осы  кезеңнен  бастап  тәрбиешінің  жұмысы  логопедтің  жұмысымен
                  тығыз  байланыста  болады.  Тәрбиеші  логопедиялық  тексеру  нәтижелерімен
                  танысып,        сөйлеу      картасы,       медициналық          құжаттарда        жазылған
                  ақпараттармен, логопедиялық қорытындылармен танысады.
                         Логопедпен  тәрбиеші  арасындағы  жұмыстың  дұрыс,  анық  жүргізілуі
                  түзету педагогикалық жұмыстың жоғары тиімділігінің кепілі.
                         Жоғарыда айтылғаннан, логопедиялық топтағы жұмысты сипаттайтын,
                  тәрбиешінің    әрекеттерінің  маңызды  компоненттерін  белгілеуге  болады.
                  Тәрбиешінің міндеттеріне ең алдымен, балалар ұжымында жағымды жағдай
                  орнату,  балалардың  өз  мүмкіндіктеріне  сенімін  бекіту,    бұзылған  сөйлеу
                  тілінің  бұзылған    мүмкіндіктеріне  байланысты  кері  әсерлерді  болдырмау,
                  сабақтарға  қызығушылықтарын  арттыру  болып  табылады.  Тәрбиеші    бала
                  тәртібіндегі  әр  түрлі  негативті  жағдайларды  шешуге,    аса  қозғыштығын
                  уақытында         байқап,      мұқият       болуы       керек.      Жұмыста        баланың
                  шаршағыштығының,  енжарлығының  үстемдігіне  себепші  факторларды
                  ескеру қажет.
                         Тәрбиешінің психологиялық-педагогикалық әсер етуі көп жағдайларда
                  баланың  тәртібіндегі  жағымсыз жағдайлардың болмауына, топта  ұжымдық,
                  әлеуметтік жақсы қарым-қатынастарды қалыптастыруға ықпал етеді.
                         Тәрбиешінің  міндеттері:  түзету  процесінің  әр  кезеңінде  балалардың
                  сөйлеу  әрекетінің  жағдайын  күнделікті    бақылап  отыру;    олардың  сөйлеу
                  белсенділігін,    логопедиялық  сабақтарда  қалыптастырылып,  бекітілген

                  дыбыстарды,  лексикалық-грамматикалық  құрылымдарды,  сөз  формаларын
                  сөйлеу тілінде дұрыс қолдануларын қадағалап отыру. Қажет болса, тәрбиеші
                  ақырындап  баланың  қателерін  түзетіп,  оның  асықпай,  анық,  интонация
                  жағынан нақты сөйлегенін бақылап отырады. Тәрбиешінің өзінің сөйлеуі  тіл
                  кемістігі бар бала үшін үлгі болуы қажет. Ол үшін тәрбиеші өзінің сөйлеуінің
                  темпін  реттеп,  сөздерді    мағынасы  бойынша  дұрыс  қолданын,  баланың
                  түсінуіне қиын күрделі құрылымдардан бас тартуы керек.
                         Тәрбиеші  сөйлеу  тілі  дамымаған  балалардың  жеке  ерекшеліктері
                  жөнінде  ақпараттанған  болуы  керек.  Осы  мақсатта  тәрбиеші,    бала  қандай
                  қиындықтарға  кездескенін  және  түзету  әсер  етудің  қандай  әдістері  мен
                  тәсілдерін  қолдануға  болатынын  анықтау  мақсатында,    үнемі  логопедтің
                  сабақтарына қатысып отыруы керек.
                         Сөйлеу  тілін  дамыту  бойынша  тәрбиешінің  жұмысы  логопедтің
                  әрекетімен тығыз байланыста болады. Сондай-ақ, өз сабақтарында тәрбиеші
                  оқу  әрекеттерінің  әр  түрлі  бағыттарында  келесі  логопедиялық  сабақтардың
                  негізін  жасап  отырады.  Мысалы,  бейнелеу  сабақтарында  балаларда  негізгі
                  түстердің  және олардың реңктерінің атаулары жөнінде алғашқы түсініктері
                  қалыптасады. Кейіннен, логопед өзінің сабақтарында сын есімдердің атауын


                                                                                                             58
   53   54   55   56   57   58   59   60   61   62   63