Page 55 -
P. 55

Логопедтің тапсырмасы бойынша  тәрбиеші кешке жүргізетін сабақтарды
                                                      тіркейтін дәптер.
                         Бұл  дәптер  логопедпен  тәрбиеші  арасындағы  тығыз  байланыстың
                  көрсеткіші болдып табылады.
                         Күнделікті,    жұмыс  уақытының  соңында  логопед  жеке  дәптерге
                  баламен  жеке    коррекциялық  сабақта  орындалатын  тапсырмаларды  жазып
                  қояды. Тәрбиешімен түзету сағатында сабақ өтетін балалардың саны алтыдан
                  аспауы тиіс.
                         Дәптерге  сабақтың  күні,  логопедтің  тасырмасы  және  жұмыстың
                  талдауы    жазылады.  Талдауды  жазғанда  логопед  баланың  материалды
                  қаншалықты  жақсы  меңгергені,    тапсырманы  орындау  барысында  қандай
                  қиындықтарға  тап  болғанын  белгілеп  отырады.  Кешкі  сабақтарда  берілетін
                  тапсырмалардың барлығы балаға таныс болуы керек.
                                Кешкі сабақтарда мынандай жаттығулар алуға болады:
                      -  артикуляциялық жаттығуларды жасау;
                      -  қойылған дыбыстарды машықтандыру;
                      -  логопедпен өткен жаңылтпаш, тақпақ, мәтіндерді қайталау;
                      -  фонематикалық естуін дамытуға арналған;
                      -  сөйлеу      тілінің    лексика-грамматикалық            жағын      қалыптастыруға
                         арналған.
                      Логопед  тәрбиешінің  кешкі  сабақтарына  дыбысты  қоюға  арналған
                  жаттығуларды  қоспауы керек.
                  Кекі сабақтарда берілетін тапсырмалар үлгісі мынандай болуы мүмкін:
                  28 қыркүйек.
                      1.  Тілек Т., Самат А. – бағытталған, ауа ағымын қалыптастыру («Қақпаға
                         доп кіргіз», «Қарындашты үрлеп жылжыт»).
                      2.  Бибінұр Т., Сәуле Б. – с дыбысын жаңылтпаш айтқызып машықтандыру:
                       Сасық суды тауысқан,
                      Сойқан суайт сауысқан.
                      Самғап келіп қиырдан
                      Сампылдады сиырға:
                      Сусап барам сусын бер.
                      Сыйлығымды сосын көр.
                      3.  Ермек Б., Меруерт Ж. – «жемістер» тақырыбы бойынша сын есімдерді қолдануын
                         бекіту. «Дәмді шырын» (алма, алмұрт, апельсин, алша, шие) ойыны.

                  Жылдық есеп.
                  Бұл  құжат    логопедтің  жылдық  жұмысының  тиімділігі  туралы  есеп.  Оны
                  логопед  аға  логопедке  өткізеді, ол  барлық  есептерді  жинап  алып  аудандық
                  оқу бөліміндегі логопедке өткізеді.
                         Жылдық есептің мазмұны мынадан тұрады:
                      -  Логопедтің  аты,  жөні,  топтағы  балалардың    сөйлеу  тілінің  диагнозы,
                         оқыту жылы.
                      -  Топтың топтастырылған күні;
                      -  Топқа түскен балалардың әрбіреуінің  диагнозы және саны;

                                                                                                             55
   50   51   52   53   54   55   56   57   58   59   60