Page 52 -
P. 52
- сауат ашуға дайындау, оқыту.
Үшінші деңгейдегі балаларды оқыту барысында сөйлеу тілінің
лексикалық- грамматикалық түрлерін меңгеріп сөйлеу тәжірибесінде қолдана
білуіне ерекше көңіл бөлінеді, әртүрлі әңгіме құрастыру, мәтіннің мазмұнын
айту дағдылары әрі қарай жетілдіріледі.
Балалардың байланыстырып сөйлеуін қалыптастыруда бірнеше
талаптар көзделеді:
- тақырыпты ашу;
- әңгіменің белгілі бір көлемін сақтау;
- мәнерлік тәсілдерді қолдану (эпитеттер, антонимдер, салыстырулар,
метафоралар);
- төл сөздерді қолдану;
- әңгіменің құрылымы мазмұнының бірізділігі, аяқталуы.
Сонымен, сөйлеу тілін дамыту жұмысы жан-жақты, сөйлеу және сөзсіз
функцияларын дамытуға, танымдық процестерін белсендіруге бағытталып
жүргізілсе нәтижелі болады.
ЖСТД топтарында логопедиялық жұмысты ұйымдастыру
Логопедтің құжаттары
Жұмысы нәтижелі және тиімді болуы үшін логопедтің кәсіби
даярлығымен тұлғалық ерекшеліктерінен басқа құжаттарын сауатты және
дұрыс жүргізу білігі болуы керек.
Бұл балалардың сөйлеу тілінің бұзылыстарын, психофизиологиялық
және психологиялық ерекшеліктерін ескеріп, түзете -оқыту барысын тиімді
және ұтымды түрде жоспарлауға, логопедиялық тексерудің кезеңдерін
белгілеп отыруға мүмкіндік береді. Құжаттарды дұрыс жүргізгенде маман
жеке және топтық логопедиялық сабақтардың мазмұнын көрсетуге,
логопедпен тәрбиешінің, ата-аналардың бірлескен жұмысын жоспарлауға
және жүргізілген логопедиялық жұмыстың қорытындысын шығаруға
мүмкіндік береді.
Құжаттарды дұрыс толтырып жүргізу логопедке оқыту
процесіндегі коррекциялық-педагогикалық жұмыстың нәтижесін
толыққанды түрде бағалауға және қорытындыға сай балалармен жұмыстың
тиімді тәсілдерін белгілеуге көмектеседі.
Логопедтің құжаттарында бала алғаш осы мекемеге түскен
кездегі медициналық қорытындысы (МППК қорытындысы, балалар
емханасындағы логопедтің балаға жазған мінездемесі; психоневролог,
оториноларинголог, офтальмолог, ортодонттың қорытындылары) болуы
керек.
Оқу жылы бойы (қыркүйектен маусым айлары арасында) логопед
мынандай құжаттарды жүргізеді:
- әр балаға арналған сөйлеу картасы;
- жұмыстың алдын ала (перспективті) және күнтізбелік жоспары;
- әр баланың жеке дәптерлері;
52