Page 2 - Методические рекомендации Сейсенова А.Д
P. 2
УДК 376
ББК 74.3
А 80
Арнайы және инклюзивті білім беруді дамытудың Ұлттық ғылыми-практикалық
орталығының ғылыми-әдістемелік кеңесінде мақұлданып, ұсынылған (2022 жылдың
желтоқсан айының 27-дегі № 36 хаттамасы).
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі және орта білім беру Комитеті
бекітіп қолдануға ұсынған (2023 жылдың ақпан айының 16-дағы 15/967-И хаты).
Құрастырушы-авторы:
Сейсенова А.Д. – аға ғылыми қызметкер, филол.ғ.к., доцент, заңгер.
Рецензенттер:
Абаева Ғ.Ә. – педагогика ғылымдарының кандидаты, Абай атындағы Ұлттық
педагогикалық университеті Педагогика және психология институтының директоры;
Шаймерденова С.Қ. – Қызылорда облысы білім басқармасының «Қызылорда
қаласы № 1 Психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация» коммуналдық
мемлекеттік мекемесі басшысы.
«Арнайы және инклюзивті білім беру салаларындағы ресми атаулар мен
олардың қазақ және орыс тілдеріндегі баламалары» атты әдістемелік
нұсқаулық/құраст.: Сейсенова А.Д. – Алматы АИБД ҰҒПО, 2022. – 65 б.
ISBN 978-601-08-2976-3
Әдістемелік нұсқаулық Арнайы және инклюзивті білім беру салаларындағы ресми
атаулар мен ұғымдардың ерекшеліктері, оларды қолдану заңдылықтары, бұл бірліктердің
қазақ және орыс тілдеріндегі баламаларын зерттеуге арналған. Жұмысты жүзеге асыру
барысында білім алуда ерекше қажеттіліктері бар және/немесе мүгедектігі анықталған
тұлғаларға қатысты қолданыста бар ұғымдық аппаратты қарастыру мақсатында
халықаралық құжаттар, ҚР-ның нормативтік-құқықтық актілері және Оқу-ағарту
министрлігінің ведомстволық құжаттары қарастырылып, зерттелді. Аталмыш тақырыпта
жүргізіліп отырған ғылыми-зерттеу және аналитикалық жұмысты жүзеге асыру кезінде
Отандық заңнамада анықталған кемсіту мағынасындағы атаулар іріктеліп, оларға талдау
жасалып, жағымды әрі сауатты түрдегі баламалары ұсынылды.
Жұмысты жүргізу барысында білім беру саласында терминологияны қолдану және
дұрыс нұсқаларын жұмыс барысында негізге алу туралы мамандар мен педагогтар
арасында сауалнама өткізілді. Нәтижесінде Арнайы және инклюзивті білім беру салалары,
сонымен қатар ғылым мен білім берудің сабақтас облыстарында қолданылатын
мемлекеттік тілдегі атаулар мен ұғымдардың сөздігі дайындалып, орыс тіліндегі
балаламалары берілді.
Аталмыш жұмыс нәтижелерін теориялық және практикалық бағыттағы мәтіндер
мен материалдарды аудару барысында қолдануға болады. Қол жеткен нәтижелер Арнайы,
инклюзивті және жалпы білім беру ұйымдарында оқу бағдарламалары мен әдістемелік
құралдар, ғылыми-практикалық материалдар мен әдістемелік нұсқаулар құрастырып,
дайындау барысында негізге алынуы мүмкін.
УКД 376
ББК 74.3
ISBN 978-601-08-2976-3
©АИБД ҰҒПО, 2022
© Сейсенова А.Д. 2022
2