Page 7 - Методические рекомендации Сейсенова А.Д
P. 7
халықтарымен қоса, олардың юрисдикциясына қарасты территориялардың халықтары
арасында да, жалпыға бірдей тиімді түрде танылып, жүзеге асырылуы үшін алға қойылған
мақсат ретінде жария етіп отыр» делінген [1].
26-бап
1. Әр адамның білім алуға кұқығы бар. Білім беру, ең болмағанда бастауыш және
жалпы білім, тегін болуы тиіс. Бастауыш білім баршаға міндетті болуы тиіс. Техникалық
және кәсіптік білім көпшіліктің қолы жетерліктей болуы тиіс және жоғары білім де,
әркімнің қабілетіне қарай көпшіліктің қолы жетерліктей болуы тиіс.
2. Білім беру адамның жеке басының толық кемелденуіне және кұқықтары мен негізгі
бостандықтарына деген құрметті арттыруға бағытталуы тиіс. Білім беру барлық ұлттар,
нәсілдік және діни топтары арасында түсіністік, шыдамдылық пен достық қарым-қатынас
орнатуға ықпал жасап және Біріккен Ұлттар Ұйымының бейбітшілікті қуаттау жолындағы
жұмысына ыкпал жасап, дем беруі тиіс.
3. Ата-аналардың өздерінің жас балаларына білім беру түрін таңдауда құқығы
басымды.
Аталмыш құжатта білім беру саласының жалпы қағидаттары қозғалғандықтан
ерекше атаулар мен біздің саламызға қатысты ұғымдарды кездестірмедік, дегенмен адам
құқықтарының бастауын алатын құжат болғандықтан барынша қарастырып, талдауға
негіз ретінде алдық.
Біріккен Ұлттар Ұйымының 1960 жылғы желтоқсанның 14-дегі «Білім беру
саласындағы кемсітушілікке қарсы күрес туралы Конвенциясы» [2]:
1-бап
1. Осы Конвенциядағы «кемсітушілік» сөзі нәсілі, түр-түсіне, жынысы, тілі, діні,
саяси немесе өзге де нанымдары, ұлттық немесе әлеуметтік тегі, экономикалық жағдайы
немесе туу белгілері бойынша кез келген айырмашылықты, жоққа шығаруды, шектеуді
немесе артықшылық беруді қамтиды, оның мақсаты немесе салдары, атап айтқанда:
a) қандай да бір адам немесе адамдар тобы үшін білімнің кез келген сатысына немесе
түріне қолжетімділікті жабу;
b) қандай да бір адам немесе адамдар тобы тап болатын адамның қадір-қасиетімен
үйлеспейтін жағдай үшін білім алуды білім беру деңгейінің төмендігімен шектеу;
c) осы Конвенцияның 2-бабының ережесінде көзделген жағдайлардан басқа, қандай да
бір адам немесе адамдар тобы үшін жеке білім беру жүйелерін немесе оқу орындарын
құру немесе сақтау; немесе
7