Page 101 - Казак тили 3-сынып окулык
P. 101
special.edu.kz.
special.edu.kz.
special.edu.kz.
3. Диалогті оқыңдар. Мәтінде қандай мереке туралы айтылған?
Бата сөздерін көшіріп жаз.
– Ұлым, бүгін қандай мереке екенін білесің бе?
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
– Жоқ, әке.
Әкесі:
– Бүгін он төртінші наурыз «Көрісу айт» мерекесі. Кішкентай
кезімізде ата-әжелеріміз ұйқыдан ерте оятып: «Көрші-көлемдерге
барып көрісіп келіңдер», – дейтін.
Біз жүгіріп барып көрісетінбіз. Ал, олар: «Өркенің өссін!», «Мың
жаса!», «Айттан айтқа аман-есен жетейік!» деп батасын беретін.
4. Өлеңді мәнерлеп диалог түрінде оқы.
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
Қалақай
– Айтшы маған, Қаратай,
Гүл ме, шөп пе қалақай?
– Білмейсің бе соны әлі?
Ол – кішкене жапырақ.
Тисең, шағып алады,
Шөп ішінде жатып ап.
(Н. Әлімқұлов)
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
5. Мәтінді түсініп оқы. Қазақтың қандай ұлттық ойындарын білесің?
Көршіңмен диалог құрастыр.
Тоғызқұмалақ – адамның ойла-
уын дамытатын ойын. Арнайы тақта-
да екі адам ойнайды. Ойын тақтасы –
екі қазан, он сегіз отау, жүз алпыс
екі құмалақтан тұрады.
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
99