Page 103 - Казак тили 3-сынып окулык
P. 103

special.edu.kz.
                                           special.edu.kz.
 special.edu.kz.


                    9. Диалогті оқы. Әйтімбеттің жауабын тауып көшіріп жаз. Мағына-
                сын түсіндір.

                                              Достық туралы
 special.edu.kz.                           special.edu.kz.                                       special.edu.kz.
             Бір отырыста Әйтімбет деген шешенге замандастары:

             – Достық деген нешеу? – деп сұрақ қояды.
             Сонда Әйтімбет тұрып:

             – Достықтың екі түрі болады. Бірі – адал достық та, екіншісі
        амал достық.
             – Дұрыс-ақ. Енді оларды қалай ажырата аламыз? –  дегендер-

        ге:
             – Адал достық өмірлік нұсқа болады, амал достықтың өмірі

        қысқа болады, – деп жауап берген екен Әйтімбет шешен.
 special.edu.kz.                           special.edu.kz.                                       special.edu.kz.
                                                                                          (Ел аузынан.)


                10. Мәтінді оқып, көшіріп жаз. Есіңе сақта!


             Бала жаңа тәй-тәй басты. Ата-анасы оның тез жүріп кеткенін
        қалайды. Ол үшін «Тұсаукесер» жасайды. Баланың тұсауын «бі-
        реудің ала жібін аттамасын» деп ала жіппен кеседі. «Көктей

        өсіп-өнсін» деп көк шөппен де кеседі.



                     11. Өлеңді мәнерлеп оқы. Көшіріп жаз. Өзің көрген тұсау кесу
 special.edu.kz.                           special.edu.kz.                                       special.edu.kz.
                дәстүрінің қалай өткенін жұбыңмен диалог құрып әңгімелеп айтып бер.

                                                 Тұсаукесер

             Қаз-қаз, балам, қаз балам,
             Қадам бассаң, мәз болам!

             Күрмеуіңді шешейін,
             Тұсауыңды кесейін.

             Қаз-қаз, балам, қаз, балам,
             Тақымыңды жаз, балам!
 special.edu.kz.                           special.edu.kz.                                       special.edu.kz.
             Қадамыңа қарайық,
             Басқаныңды санайық.



                                                                                                      101
   98   99   100   101   102   103   104   105   106   107   108