Page 105 - Казак тили 3-сынып окулык
P. 105
special.edu.kz.
special.edu.kz.
special.edu.kz.
15. Өлеңді мәнерлеп оқы. Өлеңнің бірінші шумағын жатқа жаз.
Қазағымның дәстүрі
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
Барды бала ауылға,
Бала келді өмірге,
Болды үйде қуаныш.
Толып бестен алтыға.
Сәлем берді сүйкімді,
Шілдехана жасалды,
Тіліменен жалпыға.
Бұл дағы бір жұбаныш.
Толды бала бір жасқа Алды дағы баланы,
Тұсауын кесті апасы. Мінгізді атқа атасы.
Жүрді бала ойнады, Ержетті ол қабыл боп
Ісінің жоқ қатасы. Атасының батасы.
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
16. Мәтінді түсініп, рөлге бөліп оқы. Тыныс белгісіне қарай сөйлем
түрлерін айт.
Алпамыстың атқа міну тойына көп адам жиналды.
– Атқа міну тойы құтты болсын! – деді туыстар.
– Тарлан мінген, Алпамыс, тақымың мықты болсын! – деді көр-
шілер.
– Қызыр бабам тізгініңнен ұстасын! – деді атасы.
– Алла тағала ақ жол берсін! – деді әжесі.
Сөйтіп шашу шашты.
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
Алпамысты көкесі күміс ертоқымды атқа мінгізді. Жұмыр де-
нелі торы төбел атқа мінген атасы:
– Ер соңымнан, жарығым! – деп қуанғаннан көзіне жас алып,
желдіре жөнелді.
(«Балдырған» жуналынан.)
17. Мәтінді оқы.
Есіңде сақта. Бірінші сөйлемді көшіріп жаз.
Айды қолмен сілтеп көрсетпе. Себебі ай, Күн, жұлдыз ерте за-
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
маннан киелі саналған. Жаңа туған айға сәлем беру әлі де бар.
Сондықтан киелі нәрсені саусақпен көрсетуге болмайды.
103