Page 67 - Оку жане тил дамыту_Окулык_3-сынып
P. 67
special.edu.kz.
special.edu.kz.
Қысқы ауыл special.edu.kz.
Қар жауып, айнала ақ көрпеге оранғандай болды. Біздің сы-
нып оқушылары өзен маңындағы тоғайға серуендеуге барды.
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
Ағаштардың арасынан қыстап қалған құстардың дауысы естілді.
Ағаштардың бәрі ақ мамық қар жамылыпты.
Ауа тап-таза. Қар жауып тұр. Өзен суы әлі қата қоймаған. Жаңа
жауған қар өзенге түсіп, еріп жатыр. Жерге түскен ақ ұлпа қарды
аяқпен басуға тіптен аяйсың.
Біраз күннен соң балалар қардың жауғанына қуанып, қыр ба-
сынан сырғанақ жасап ойнады. Нұрбану, Ақбала шана тепті. Жа-
рас, Димаш шаңғыларымен тынымсыз сырғанады. (Б. Румова)
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
ақ ұлпа қар – аппақ қар
қыр басынан – жотаның төбесінен
1. Оқушылар серуендеуге қайда барды?
2. Олар ненің дауысын естіді?
3. Қыста балалар қандай ойындар ойнайды?
4. Қысқы ауыл табиғатын қалай сипаттаған?
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
5. Неліктен мәтін «Қысқы ауыл» деп аталған?
Қысқы ойын түрлерін ата. Тірек сөздерді қолдан.
Тірек сөздер: шана, шаңғы, сырғанақ, аққала.
Саған қандай қысқы ойын түрі ұнайды? Қыста балалар қандай ойын
ойнайды? Мәтіннен тауып оқы.
Қыстап қалатын құстарға қандай қамқорлық жасайсың?
Қыста ауылда болдың ба? Әңгімеле.
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
65