Page 66 - Оку жане тил дамыту_Окулык_3-сынып
P. 66
special.edu.kz.
special.edu.kz.
Сырғанақ special.edu.kz.
Таудан төмен сырғанап,
Тебеміз біз сырғанақ.
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
Шанамыздың табаны,
Із сап қарға барады.
Аспан ашық, дала аппақ,
Ауа таза, қар аппақ.
Тау басына шығамыз,
Кең тыныстап тұрамыз.
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
Төмен қарай зулаймыз,
Мәз боп күліп шулаймыз.
Шақырар «мен мұндалап»
Қыс қызығын – сырғанақ.
(Б. Жақып)
зулаймыз – сырғанаймыз
мәз боп – қуанып
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
1. Балалар қайдан сырғанап жүр?
2. Олар немен сырғанайды?
3. Балалар қайдан сырғанап жүр?
4. Қарда ненің ізі қалады?
5. Балалардың көңіл күйлері қандай?
6. Неліктен өлеңді «Сырғанақ» деп атаған?
Суретке қара. Не беріліп тұрғанын айт. Балаларға ат қой.
Сурет бойынша әңгіме құра. Өлеңнің өзіңе ұнаған шумағын жат-
тап ал.
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
Өлең не туралы екенін айт. Балалардың көңіл күйлері қандай? Өлеңді
жатта.
64