Page 61 - Оку жане тил дамыту_Окулык_3-сынып
P. 61
special.edu.kz.
special.edu.kz.
Бір атаның ұрпағы special.edu.kz.
Жер бетін теп-тегіс көмкеріп жатқан мамық қар мақтанды.
– Мен ақпын, кіршіксіз тап-тазамын,– деп. Одан жарқырап
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
жатқан көгілдір мұз да қалыспады:
– Мен мөп-мөлдірмін. Тұп-тұнықпын.
Сыңғырлай ағып жатқан су бағанадан бері бұлардың сөзін
тыңдап тұрған. Сөзге ол да араласты:
– Қар, мұз, мақтанбаңдар. Біз бір атаның ұрпағымыз, – деп.
– Қалайша?
– Жылы күнде менің үстімнен бу көтеріле ме?
– Иә, көтеріледі.
– Ендеше сол бу жаңбырға айналып жауған қар сенсің. Ал
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
қыстыгүні менің бетіме жалтырап мұз қата ма?
– Қатады.
– Ол – сенсің мұз. Айналып келгенде, бәріміз бір атаның ұр-
пағымыз. Осыны ұмытпайық, ағайын. Қар мен мұз оған ұялғаннан
тіл қата алмады.
(Е. Сәрсенбаев)
көмкеріп – жауып
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
мамық – жұмсақ
1. Қар не деп мақтанды?
2. Қардың сөзіне араласқан мұз не деді?
3. Оларға су қалай жауап берді?
4. Неліктен мәтін «Бір атаның ұрпағы» деп аталған?
Қысқы ауа райын сипатта.
Керекті сөздер: суық, қар, аяз, мұз қатады ...
Қар мен мұз не деп мақтанды? Оларға су не деп жауап берді? Мәтінді
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
рөлге бөліп оқыңдар.
Мәтін жылдың қай мезгілі жайлы? Мәтінді әңгімелеп бер.
59