Page 60 - Оку жане тил дамыту_Окулык_3-сынып
P. 60
special.edu.kz.
special.edu.kz.
Қыс қызығы special.edu.kz.
Қыс келгелі балалар үйге тоқтауды қойды. Бәрі далада ойнап
жүр. Бірі шаңғы тепсе, басқалары төбешіктен шанамен сырғанап
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
жүр. Кейбіреулері аққала жасауға кірісіп кеткен. Бұл – қыстың
қызығына бату деген сөз. Тоңған баланы көрмейсің. Жапалақтап
жауған ақ қар. Балалар құмарта ойындарын жалғастыруда.
Әнебір топ бала жердегі қарға жата қалып аспаннан жауған
ақша қарды тамашалауда. «Өлең жазса ғой», «сурет салса ғой»
деп тамсанған олар қас қарая үйлеріне әрең кірді.
(А. Қырымқұл)
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
үйге тоқтауды қойды – үйде отырмайтын болды
құмарта – ойыны қанғанша
тамсана – армандап
қас қарая – кеш бата
1. Балалар қайда ойнап жүр?
2. Олар қандай ойын ойнады?
3. Олар қардан не жасады?
4. Далада ауа райы қандай?
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
5. Қарға жатып балалар нені бақылады?
6. Олар үйлеріне қай кезде кірді?
7. Неліктен мәтін «Қыс қызығы» деп аталған?
Тыңда. Өзіңнің қыста ұнататын ойыныңды айт.
Балалар неліктен күн батқанша далада жүрді? Олар не деп арман-
дады? Мәтіннен тауып оқы.
Мәтінді әңгімелеп бер: қысқы ауа райы, қысқы ойын...
Неліктен мәтіннің «Қыс қызығы» деп аталуын түсіндір.
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
58