Page 59 - Оку жане тил дамыту_Окулык_3-сынып
P. 59
special.edu.kz.
special.edu.kz.
ҚЫС ҚЫЗЫҚТАРЫ special.edu.kz.
Алғашқы қар
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
Аппақ еді қар қандай,
Ұнға аунатып алғандай.
Қанат бітті бойыма,
Көкке қазір самғардай.
Орай жауған ақ қарға
Ораныпты бақтар да.
Далам қандай көрікті –
Осынау бір шақтарда.
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
Айқұш-ұйқыш қардағы із,
Сурет қой бір ол нағыз!
Кезек күтіп тұрамыз,
Сырғанауға қырдан біз.
(«Балдырған» журналынан.)
самғардай – ұшардай
көрікті – әдемі
көкке – аспанға
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
1. Өлеңде алғашқы қарды неге теңеп тұр?
2. Балалар қырдан немен сырғанады?
3. Олар не үшін кезек күтіп тұрады?
4. Қарда шанадан қандай іздер қалды?
Төмендегі сөздерді оқы. Сурет бойынша қысқы табиғатты сипатта.
Тірек сөздер: аппақ қар, қардағы із, аяз, сырғанақ...
Өлеңге сүйеніп қыс туралы әңгімеле. Өлеңді мәнерлеп оқы.
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
Өлеңде алғашқы қарды неге теңеген? Тауып оқы. Қандай көңіл күй
туралы айтылған? Өлеңнің өзіңе ұнаған шумағын жатта.
57