Page 54 - Оку жане тил дамыту_Окулык_3-сынып
P. 54
special.edu.kz.
special.edu.kz.
Күлме досқа special.edu.kz.
Сәлкен мен Мәдина мектептен шығып үйіне келе жатты. Күн
жауынды болатын. Мәдина көшенің бұрылысынан өте бергенде
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
аяғы тайып кетіп құлап, киімін былғап алды.
– Көзің қайда? Неге байқамайсың? Түзу жүре алмайтындай
аяғың қисық па? Ұят-ай! Ұят-ай! – деп, киімінің былғанған жерін
тазалап жатқан Мәдинаға қарап Сәлкен күлді.
– Маған қарашы! Мен алға да, артқа да жүре аламын, – деп,
артқа қарай шегіншектеп жүрді. Осы кезде бір мәшине жақын
келіп қалды. Араларынан мәшине өткенде Сәлкеннің жоқ бо-
лып кеткенін көріп, Мәдина қорқып кетті. Жүгіріп жолдың шетіне
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
барды. Ойдағы шалшық суға құлап тұра алмай жатқан Сәлкен-
ді көрді. Қасына жетіп барып, қолынан тартып тұрғызды. Сәлкен
келіп қалған мәшинеге жол бермек болып шегінгенде, асфальт-
тың жиегіне домалап кетіпті.
Сәлкен үсті-басы сорғалап ағып тұрған лай суды көріп жылап
жіберді.
– Неге жылайсың? Бір жерің ауырып тұр ма?
– Жоқ. Апам ұрсады. Жақында сатып әперген... – деді ол
былғанған кәстөміне қарап.
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
Мәдина анадай жерге ұшып кеткен сөмкесін алып, қолына
ұстатты. Қалтасынан қол орамалын алып бет-аузын сүртті.
– Мен мәшине келіп қалмағанда құламайтын едім, – деді.
Мәдина үндеген жоқ. Тоңған, киімі былғанған Сәлкенді аяп кетті.
(А. Хамзеұлы)
жауынды – жаңбыр жауып тұрған
шегіншектеп жүрді – артқа қарай жүрді
ойдағы – шұңқырдағы
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
домалап кетті – құлап кетті
52