Page 50 - Оку жане тил дамыту_Окулык_3-сынып
P. 50

special.edu.kz.
 special.edu.kz.



                                                       Құмырсқа                                  special.edu.kz.

                                                         (ертегі)

                 Бір құмырсқа өз илеуінде тобынан бөлініп, сол маңдағы ара,
 special.edu.kz.                           special.edu.kz.                                       special.edu.kz.
             қоңызбен дос болыпты.
                 Жем іздеп шыққан құмырсқа жол үстінен бір дән тауып алып-

             ты. Жалғыз өзі дәнді орнынан қозғалта алмапты. Сонан соң көмек
             сұрау үшін қанатты достарын іздепті.

                 Бір уақытта  гүлден-гүлге  қонып шырын  жинап жүрген араға
             жолығады.

                 – Досым, бір дән тауып алдым. Жалғыз өзім көтере алмаймын.
             Маған көмектесіп жіберші, – деп өтінеді.

                 – Көрмей тұрсың ба, мен де жұмыс істеп жатырмын ғой,– деп
 special.edu.kz.                           special.edu.kz.                                       special.edu.kz.
             ара көнбей қойыпты.

                 – Мейлі, – деп құмырсқа әрі жүріп кетіпті. Ол енді қоңызды кез-
             дестіріп көмек сұрапты.

                 – Сен үшін өз жұмысымды тастай алмаймын,– деп, қоңыз
             ызыңдап ұшып кете барады.

                 Достарынан күдер үзген құмырсқа мұңайып қайтып келе жата-
             ды. Жолда өзінің илеулестерімен ұшырасып қалады. Олар мұның

             түрін көріп:
 special.edu.kz.                           special.edu.kz.                                       special.edu.kz.
                 – Не істеп жүрсің? – деп сұрайды.
                 Жалғыз құмырсқа өзінің басынан кешкенін айтып береді.
                 – Жалғыздық деген сол, – деп илеулестері жұбатады. Құмырс-

             қаның дәнін көтерісіп әрі қарай алып кетеді. Құмырсқа өз доста-
             рына қайта қосылады.

                 «Ескі дос екі жаңа достан артық» деген екен сонда кәрі құ-
             мырсқа.



                     илеуі – құмырсқаның ұясы                          күдер үзген – үмітін үзген
 special.edu.kz.                           special.edu.kz.                                       special.edu.kz.


                     қанатты – ұшатын
                                                                       ұшырасты – кездесті
                     мұңайып – көңілсіз

             48
   45   46   47   48   49   50   51   52   53   54   55