Page 48 - Оку жане тил дамыту_Окулык_3-сынып
P. 48

special.edu.kz.
 special.edu.kz.



                                                         Ағайын                                  special.edu.kz.


                 Әлібек биыл мектепке барып, әріп таныды. Оған өзі қатты қуа-

             нып жүр. Бір жерден жазу көрсе, дереу әріптеп оқи жөнеледі.
 special.edu.kz.                           special.edu.kz.                                       special.edu.kz.
                 Бірде ол диванда жатқан журналдың парағына көзі түсті.

                 Ағайын тату болса, ат көп ...
                 Әрі қарай оқыған жоқ. Атасына жүгіріп барып:

                 – Ата, «ағайын» деген не? – деп сұрады.
                 – «Ағайын» деген бе? Ол – туысқан. Бірге туған, жақын адамдар.

             О баста бұл сөз «аға-іні» болған. Кейін өзгеріп, «ағайын» деп ай-
             тылып кеткен, – деді атасы.

                 – А-а-а, – деді Әлібек түсінгенін аңғартып.
 special.edu.kz.                           special.edu.kz.                                       special.edu.kz.
                 Ал атасы әңгімесін жалғап:
                 – Қазақта «Ағайын тату болса, ат көп. Абысын тату болса, ас
             көп» деген мақал бар. Мұндағы абысын – бірге туған, ағайынды

             адамдардың әйелдері. Туыс адамдар бір-бірімен тату болса, бе-
             реке де болады. Осыны біліп жүр! – деді.

                 – Жарайды, ата! – деді Әлібек атасына еркелей қарап. – Мен
             енді көп мақал жаттаймын. Сіз маған түсіндіріп бересіз ғой.

                 – Келістік! – деген атасы оның маңдайынан сипады.

                                                                            («Балдырған» журналынан.)
 special.edu.kz.                           special.edu.kz.                                       special.edu.kz.


                     ағайын – туысқан адам

                     аңғартып – білдіріп



                      1. Әлібек қайда барды?

                      2. Ол не үшін қуанды?
                 3. Әлібек жазуларды қалай оқыды?
                 4. Қандай сөз оқыды?

                 5. Әлібек атасынан қандай сөздің мағынасын сұрады?
 special.edu.kz.                           special.edu.kz.                                       special.edu.kz.
                 6. Атасы Әлібекке қандай мақалдың мағынасын түсіндірді?




             46
   43   44   45   46   47   48   49   50   51   52   53