Page 46 - Оку жане тил дамыту_Окулык_3-сынып
P. 46

special.edu.kz.
 special.edu.kz.



                                                  Бақша ағаштары                                 special.edu.kz.


                 Жаздың әдемі бір күні таңертең әкесі баласымен бақшаға бар-

             ды. Екеуі ағаштар мен гүл жапырақтарын көріп жүрді.
 special.edu.kz.                           special.edu.kz.                                       special.edu.kz.
                 – Мынау ағаш неліктен тіп-тік. Ана біреуі неге қисық біткен? –

             деп сұрады баласы.
                 – Оның себебі, балам, анау ағашты қисық бұтақтары болса

             кесіп, бағып-қағып өсірген. Мынау ағаш бағусыз өскен, – деді.
                 – Олай болса, бағу-қағуда көп мағына бар екен ғой, – деді ба-

             ласы.
                 – Бағу-қағуда көп мағына барында шек жоқ, мұны сен есіңе

             сақта. Сен жас ағашсың, саған да күтім керек. Мен сенің қате
             істеріңді түзеп, пайдалы іске үйретемін. Сен менің айтқанымды
                                                                                                 special.edu.kz.
 special.edu.kz.                           special.edu.kz.                                 (Ы. Алтынсарин)
             тыңдасаң, жақсы болып өсесің. Бағусыз бетіңмен кетсең, сен де
             мынау қисық біткен ағаштай қисық өсерсің, – деді.






                     бағу-қағу – күтіп баптау

                     бағусыз өскен – ешкім күтіп баптамаған
                     есіңе сақта – ұмытпа


 special.edu.kz.                           special.edu.kz.                                       special.edu.kz.
                      1. Әкесі мен баласы қайда барды?
                      2. Олар бақшадан нелерді көрді?
                 3. Баласы әкесіне қандай сұрақ қойды?
                 4. Әкесі қалай жауап берді?
                 5. Әкесі баласын неге теңеді?

                 6. Ақылды бала болып өсу үшін не істеу керек?
                 7. Әңгіме неліктен «Бақша ағаштары» деп аталған?


                          Тірек сөздерді оқып, әңгіме құра.


 special.edu.kz.                           special.edu.kz.                                       special.edu.kz.
                 Тірек сөздер:  таңертең, әкесі, баласы, бақша, қисық ағаш,
             бағу-қағу.




             44
   41   42   43   44   45   46   47   48   49   50   51